Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 22.02.2023, 10:00
- 22.02.2023, 15:00
Канатбекова Гульмира 22.02.2023, 10:04, Сұрақ нөмірі: 11640
Сәлеметсіз бе, мен қазыргі уақытта мемлекеттік қызметшімін, жақын арада басқа мекемеге мемлекеттік лауазымға ауыссам деген ойым бар. Бірақ 2022 жылдың желтоқсан айында тәртіптік жаза алған болатынмын. Осы жағдайда басқа мемлекеттік лауазымға ауыса аламын ба?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 22.February.2023, 10:30
Сәлеметсіз бе, Негізі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңның» 37-бабының 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметшіге оның қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасағаны үшін алынбаған тәртiптiк жазасы болған кезде ауысу тәртiбiмен, сондай-ақ конкурстардың қорытындылары бойынша мемлекеттік лауазымға орналасуына жол берiлмейдi.