Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 22.02.2023, 10:00
  • 22.02.2023, 15:00

Дюсенбаева Гульнур 22.02.2023, 10:38, Сұрақ нөмірі: 11642

  • 0

Cәлеметсіз бе. Менің коммерциялық ұйымның құрамында акцияларым бар. Бұл мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуға кедергі бола ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 22.February.2023, 11:56

Сәлеметсіз бе, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңның» 13-бабының 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметші мемлекеттік лауазымға кірген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы адамға заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өз меншігіндегі, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестерді, акцияларды (акцияны) және пайдаланылуы кірістер алуға әкелетін өзге де мүлікті мемлекеттік қызметті өткеру уақытында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариатта куәландырылуға жатады. Мүлiктi сенiмгерлiк басқару шартының нотариат куәландырған көшiрмесiн мемлекеттiк қызметшi нотариат куәландырған күннен бастап он күн мерзiмде жұмыс орнындағы персоналды басқару қызметіне (кадр қызметiне) ұсынады.