Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 22.02.2023, 10:00
  • 22.02.2023, 15:00

Әлімжанқызы Мәдина 22.02.2023, 10:47, Сұрақ нөмірі: 11643

  • 0

Қайырлы күн. 2022 жылдың 4 тоқсандық есебі бойынша анықталған кемшіліктерге сәйкес тәртіптік жаза қарастырылып отыр. Осыған сәйкес, тәртіптік жазаның мерзімі қалай болмақ? Қазыр 2023 жылдың ақпан айы, тәртіптік жаза беріле береді ме?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 22.February.2023, 11:58

Қайырлы күн, сұрағыңызға рахмет, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңның» 45-бабының 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін осы Заңда көзделген тәртіптік жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және оны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.