«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау мәселелері»

Интернет-конференция барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы А.А.Көмекбаев мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау және мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау туралы сұрақтарға жауап береді.

  • Сұрақтар: 7
  • Жауаптар: 7
  • 23.02.2023, 09:00
  • 23.02.2023, 18:00

Кушенгалиева Асел 23.02.2023, 14:38, Сұрақ нөмірі: 11645

  • 0

Қайырлы күн! Мен КазАТУ-дың 4 курс студентімін. Оқу орнын аяқталған соң мемлекеттік қызметке тұруға ниеттімін. Осы тұста жастар үшін мемлекеттік қызметке кіру кезінде қандай жеңілдіктер бар?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 23.February.2023, 16:52

Қайырлы күн! Сұрағыңызға рақмет. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен жастардың мемлекеттік қызметке кіруін оңтайландыру мақсатында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді Жоғары оқу орындарының түлектері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде (GPA 3,33) мәннен төмен емес нәтижесімен 1 жыл ішінде мемлекеттік органға конкурссыз «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (облыс ауданының немесе облыстық маңызы бар қаланың әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына; облыс ауданы және облыстық маңызы бар қала атқарушы органының басшылық емес лауазымына; аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшылық емес лауазымына; орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының облыс ауданындағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшесінің басшылық емес лауазымына) жұмысқа орналаса алады.