Әдеп жөніндегі кеңесте қаралатын мәселелер
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Әдеп жөніндегі кеңесте қаралатын мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 23.02.2023, 15:00
- 23.02.2023, 17:00
Рахимов Руслан 23.02.2023, 15:26, Сұрақ нөмірі: 11648
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің 2022 жылғы атқарған жұмысы бойынша статистикалық ақпарат бере аласыз ба?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 23.February.2023, 16:10
Қайырлы күн! Сұрағыңыз бойынша төмендігіні хабарлаймыз. Әдеп жөніндегі кеңестің 2022 жылы 10 отырысы өткізіліп, 39 тәртіптік істер, оның ішінде, Әдеп нормаларын бұзу – 33, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар – 6 қаралды. Қаралу нәтижесімен, мемлекеттік органдарға тиісті лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы 29 ұсыныс енгізілді. Бүгінгі таңда енгізілген ұсыныстар толығымен орындалды. Анықтама үшін: әдеп нормаларын бұзу бойынша ескерту – 2, сөгіс – 2, қатаң сөгіс – 18, қызметіне толық сәйкес еместігі – 2, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар бойынша қызметіне толық сәйкес еместігі – 5. Бұдан бөлек, Әдеп жөніндегі кеңесте 30 профилактикалық бағытта мәселелер қаралды (11-әдеп жөніндегі уәкілдің есебі, 6-тәртіптік комиссияның нәтижелерінің есебі, 2-профилактикалық шаралар).