«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау мәселелері»

Интернет-конференция барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы А.А.Көмекбаев мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау және мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау туралы сұрақтарға жауап береді.

  • Сұрақтар: 7
  • Жауаптар: 7
  • 23.02.2023, 09:00
  • 23.02.2023, 18:00

Сандыбаева Гульзат 23.02.2023, 16:06, Сұрақ нөмірі: 11649

  • 0

Құрметті Әли Амантайұлы! Еңбек заңнамасына қатысты сұрақ: мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған жағдайда мемлекеттік қызметшінің (жұмыскер) тәртіптік жазасының күші жойылады ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 23.February.2023, 16:26

Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жазасының алынуы ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларымен айқындалған. Яғни, аталған Қағидада, мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тәртіптік жазасы оның мемлекеттік органнан қызметтен шығарылған күнінен бастап алынған болып саналатыны көрсетілген (Қағиданың 83 тармағы). Бұл ретте, мемлекеттік органның қайта ұйымдастырылуы жағдайында тәртіптік жазаның алынуы аталған Қағидамен көзделмеген.