Әдеп жөніндегі кеңесте қаралатын мәселелер

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Әдеп жөніндегі кеңесте қаралатын мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 23.02.2023, 15:00
  • 23.02.2023, 17:00

Бағдатова Айзат 23.02.2023, 16:53, Сұрақ нөмірі: 11651

  • 0

Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысында 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы өзгерістер бар ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 23.February.2023, 16:56

Қайырлы күн, сұрағыңызға рақмет. Әдеп жөніндегі кеңесте қаралған тәртіптік істер жыл сайын азайып отырғанын атап өтуге болады. Мысалы, 2020 жылы - 65, 2021 жылы - 59, 2022 жылы - 39 тәртіптік істер қаралған. Оның ішінде Әдеп кодексінің талаптарын бұзу фактілері бойынша тәртіптік жауапкешілікке тартылған қызметшілер саны өткен жылмен салыстырғанда 14%- ға азайғандығын атап өту қажет. Бұл мемлекеттік органдарда Департамент тарапынан профилактикалық мазмұнда жүргізілген түсіндірме жұмыстарының және 2022 жылы жаңа редакцияда қабылданған Әдеп кодексінде мінез-құлық стандарттарынан қызметтік және атқарушылық тәртіп ара-жігінің айқындалуының нәтижесі деп есептеймін. Өз кезегінде, Департаментпен мемлекеттік қызметшілер арасында Әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмыстың сапасын арттыру мақсатында ағымдағы жылы 40 мемлекеттік органда 32 семинар, кездесу ұйымдастырылып, 350-ден аса мемлекеттік қызметшілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.