«Мемлекеттік қызметшілермен әдеп ережелерінің сақталуы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және мемлекеттік қызметке кіру тәртібі»

«Мемлекеттік қызметшілермен әдеп ережелерінің сақталуы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және мемлекеттік қызметке кіру тәртібі» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т.Қ. Жұмағұлов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 1
  • Жауаптар: 1
  • 24.02.2023, 11:00
  • 24.02.2023, 17:00

Исембай Ержан 24.02.2023, 13:19, Сұрақ нөмірі: 11653

  • 0

Сәлеметсіздерме, аумактык департамент кұзыретине жататын маселелер туралы айтып өтсеңіз?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 24.February.2023, 13:34

Қайырлы күн, құрметті Исембай Ержан! Интернет-конференцияға қатысып, белсенділік танытқаныңызға алғысымызды білдіреміз. Аумақтық департаменттің құзыретіне мемлекеттік қызметті өткеру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі нормаларын сақтау мәселелерін қарау кіреді.