«Мемлекеттік қызметке орналасу мәселелері туралы»

«Мемлекеттік қызметке орналасу мәселелері туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 24.02.2023, 15:00
  • 24.02.2023, 17:00

Жумаева Умит 24.02.2023, 15:44, Сұрақ нөмірі: 11654

  • 0

Қайырлы күн! Мемлекеттік органдардағы жалпы конкурстарға қатысу үшін қандай құжаттар тапсыруым керек ?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 24.February.2023, 15:50

Қайырлы күн! Cұрағыңызға рақмет! ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес, жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады: 1) Өтініш; 2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі; 3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері. Осы ретте, жалпы кокнурсқа қатысуға тест рәсімдерінен алдын-ала өткен және уәкілетті орган белгілеген мәндерден төмен емес нәтижелері бар азаматтар жіберіледі. Сонымен қатар, бос лауазымның біліктілік талабына сәйкес келуіңіз қажет (білімі, еңбек өтілі бөлігінде).