«Мемлекеттік қызметке орналасу мәселелері туралы»

«Мемлекеттік қызметке орналасу мәселелері туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 24.02.2023, 15:00
  • 24.02.2023, 17:00

БЕРДИЕВА ЛАЗЗАТ 24.02.2023, 16:34, Сұрақ нөмірі: 11657

  • 0

Конкурсқа қатысып, конкурстық комиссия шешімімен келіспеген жағдайда шешімге неше күннің ішінде шағымдана аламын?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 24.February.2023, 16:42

Қайырлы күн! Сауалыңыз үшін рақмет! «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына конкурс өткізу тәртібі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларымен реттеледі. Бұл ретте, Қағиданың 103-тармағына сәйкес конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады. Сонымен қатар, конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға (Агенттікке) немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.