«Мемлекеттік қызметке орналасу мәселелері туралы»
«Мемлекеттік қызметке орналасу мәселелері туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 24.02.2023, 15:00
- 24.02.2023, 17:00
Мусин Руслан 24.02.2023, 16:53, Сұрақ нөмірі: 11658
Саламатсыз ба?! Мен екінші бағдарлама бойынша тестілеуден өттім. Сәтті тапсырдым, бірақ жеке қасиеттерді бағалау тестінен өте алмадым. Оны қай уақытта қайта тапсыруға болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 24.February.2023, 16:55
Саламатсыз ба! Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалардың 25-1 тармағына сәйкес жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуде көрсетілген мәннен төмен нәтижеалған «Б» корпусының лауазымына үміткерлердің қайта тестілеуіне алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.