«Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік қолдау шаралары»
«Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі әкімі Н:М:Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 28.02.2023, 10:00
- 28.02.2023, 17:00
Төлеуов Ахан 28.02.2023, 11:01, Сұрақ нөмірі: 11663
Саламатсызба, өз кәсібін енді бастап жатқан кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қандай қолдау шаралары көрсетіледі?
Қызылорда облысы 28.February.2023, 11:44
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде мемлекет тарапынан бірқатар қолдау шаралары көрсетіледі. Атап айқтанда, бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында 5 млн. теңгеге дейін мемлекеттік гранттар беріледі. Бұл ретте, конкурстық іріктеуге жаңашыл жобамен қатысуы үшін сұратылатын грант сомасының кемінде 20% мөлшерінде жобаны бірлесіп қаржыландыруы, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша мерзімі 3 жылдан аспайтын кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткенін растайтын сертификат ұсынуы және жаңа жұмыс орындарын құруы тиіс. Сонымен қатар, мемлекеттік грант беру жөніндегі конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткердің салық орган алдында және сол сәттегі қаржы ұйымына өтелмей тұрған мерзімі өткен несие берешегі, оған қоса мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізіліміндегі болмауы тиіс. Одан бөлек, «Қызылорда» өңірлік инвестиция орталығы мен Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы мүлікті кепілге қою негізінде экономиканың барлық сала түріне 6 пайызбен несие беріледі.