«Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік қолдау шаралары»
«Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі әкімі Н:М:Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 28.02.2023, 10:00
- 28.02.2023, 17:00
Балғабай Бақтияр 28.02.2023, Сұрақ нөмірі: 11664
Қайырлы күн, өдірістік цех ашу кәсібін бастап жатырмын. Қазіргі кезде цех ғимаратының құрылысы аяқталды. Бірақ ғимаратқа электр мен газ желісі жетіспеуде. Осы мәселені қалай шешуге болады?
Қызылорда облысы 28.February.2023, 17:00
«2021 - 2025 жылдарға арналған кәсіпкелікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлікпен индустриялық аймақтардың жобаларына өндірістік инфрақұрылымды жеткізу қарастырылған. Жетіспейтін инфрақұрылым ұлттық жоба шеңберінде жаңа өндірістерді құруға, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларға жеткізіледі. Бөлінетін қаражат сумен жабдықтау, газдандыру, жылумен жабдықтау, теміржол тұйықтары, кірме теміржолдар, телефон желілері, кіші электр станциялары мен электр беру желілерді салуға және жаңартуға бағытталады. Бұл жерде, инфрақұрылымды салу, жаңарту құны шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің жобалары құнының немесе индустриялық аймақтарды құру және дамыту жобасы құнының 50 %-нан аспауға тиіс. Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларына сәйкес нысан бойынша жетіспейтін өндірістік инфрақұрылымды қаржыландыруға арналған өтінішпен өңірлік үйлестірушіге бизнес-жоспар және мемлекеттік сараптама қорытындысын алған жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттамасын тапсыру қажет.