«Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік қолдау шаралары»
«Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі әкімі Н:М:Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 28.02.2023, 10:00
- 28.02.2023, 17:00
Орынбаев Ринат 28.02.2023, 16:12, Сұрақ нөмірі: 11667
Саламатсызба, жеке тұрғын үйімнен дүкен ашқым келеді. Алайда, рұқсат құжаттарын әзірлеу үшін жеке делдалдарға жүгінген болатынмын. Бірақ қыруар қаражат талап етеді. Осы мәселені қалай шешсем болады?
Қызылорда облысы 28.February.2023, 17:00
Бұл мәселе бойынша кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау мақсатында облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жанына құрылған «Бизнеске арналған Үкімет» мекемесі арқылы жеке тұрғын үйден кәсіпкерлік мақсатында тұрғын емес үйге өткізу үшін қажетті толық құжаттар топтамасын әзірлеуге тегін қызметі көрсетіледі. Бұдан бөлек, бұл мекеме арқылы ақысыз түрде көрсетілетін басқа да қызметтер бар. Атап айтқанда: Техникалық шарттарды алу, жер мәселелері, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік кірістер, бизнес – жоспар әзірлеу және басқа да қызметтер бойынша қолдау көрсетіледі.