«Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы, олардың процедураларын жетілдіру мен мемлекеттік қызметтер көрсету саласын цифрландыру»
«Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы, олардың процедураларын жетілдіру мен мемлекеттік қызметтер көрсету саласын цифрландыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Қ.Ерболат жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 28.02.2023, 09:00
- 28.02.2023, 18:30
Тасов Нұрасыл 28.02.2023, 16:16, Сұрақ нөмірі: 11668
Қайырлы күн, сұрағым былай:
Егер өзімнің ауламда 2 бөлмелі үй тұрғызсам жаңадан, бірақ рұқсат қағаз алмадым.
Қазір сол жаңадан соққан бөлмелерді үйдің планына қосқым келеді, бұл үшін айыппұл төлеймінба және қайда бару қажет?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.February.2023, 17:17
Құрметті Нұрасыл Тасов, сіз бұл сұрақпен құзыреттілігіне сәйкес жер саласы бойынша жұмыс жүргізетін жергілікті атқарушы мекемелерге жүгіне алатындығыңызды назарыңызға жеткіземіз.