Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 01.03.2023, 10:00
- 01.03.2023, 15:00
Райсов Еркебулан 01.03.2023, 11:53, Сұрақ нөмірі: 11671
Қайырлы күн. Әдеп жөніндегі кеңестің құрамы қанша адамнан тұрады және оның құрамын кім бекітеді?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 01.03.2023
Қайырлы күн. Әдеп жөніндегі кеңестің құрамын Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы мен мүшелері құрайды. Мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары мен өзге де адамдар Әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері бола алады. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің саны тақ әрі кемінде 7 адамнан құралуға тиіс. Әдеп жөніндегі кеңес төрағасының ұсынуы бойынша Агенттіктің аппарат басшысы Әдеп жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекітеді.