Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 01.03.2023, 10:00
- 01.03.2023, 15:00
Көшен Ару 01.03.2023, Сұрақ нөмірі: 11672
Сәлеметсіз бе, мемлекеттік қызметшіде функционалдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін алынбаған тәртіптік жазасы болса, бонус төленеді ме?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 01.03.2023
2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 1038 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу жыл қорытындысы бойынша олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің есепті кезеңде мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтары үшін алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде бонустар төленбейді.