Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 01.03.2023, 10:00
- 01.03.2023, 15:00
Қабден Нұрбек 01.03.2023, 14:50, Сұрақ нөмірі: 11674
Сәлеметсіздер ме. Мемлекеттік қызметшілер қызметтік автокөліктерді қызметтен тыс уақытта пайдалануына болады ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 01.March.2023, 14:52
Сәлеметсізбе, Қазақстан Республикасының Әдеп Кодексінің 3-тарауының 6-тармағының 8-тармақшасы Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарға сәйкес, мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсаты бойынша, лауазымдық міндеттерін және рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін пайдалану қажет екендігі көрсетілген. Осыған сәйкес қызметтік автокөліктерді тек тек нысаналы мақсаты бойынша ғана пайдалануға рұқсат.