Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 01.03.2023, 16:00
- 01.03.2023, 17:00
Айдар Ақерке 01.03.2023, 16:36, Сұрақ нөмірі: 11676
Қайырлы күн, жұмыстарыңызға сәттілік! Некеге тұруға арналған төлем төлеуден азаматтар қандай жағдайда босатылады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 01.March.2023, 16:39
Саламатсызба, сұрағыңызға рахмет, иә тапсыра аласыз. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына сәйкес, 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала жасынан мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк ұйымдар - туу туралы куәлiктер тiркелгенi және қайтадан берілгенi үшін; 2) жеке тұлғалар - азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты азаматтық хал актілерінің жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетiлген кезде өздеріне куәлiктер берілгенi үшiн.