Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасымемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасымемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 02.03.2023, 10:00
  • 02.03.2023, 17:00

Айтжанова Айтолы 02.03.2023, Сұрақ нөмірі: 11678

  • 0

Мемлекеттік қызметшілер Әдеп кодексін тек жұмыста болған уақытта ұстанады ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 02.03.2023

Мемлекет басшысының 2022 жылдың 22 ақпандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі бекітілді. Жалпы, Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің іскерлік қасиеттері мен қызметтік әдебі, соның ішінде олардың қызметтік әдеп стандарттары айқындалған. Оған сәйкес, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға және қоғамдық имандылыққа қолсұғумен ұштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс. Яғни, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатындығын және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қойылғанын үнемі есінен шығармауы керек.