Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасымемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасымемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 02.03.2023, 10:00
- 02.03.2023, 17:00
Сапаров Тимур 02.03.2023, 15:54, Сұрақ нөмірі: 11679
Карапаиым осы елдин казак азаматымын.Орал каласынын әкиминен үй салуыма жер сурап едим.Әкимнин айтуы боиынша жер жок,берилмиди деп жауап кайтарган болатын.осы мәселе боиынша исти ари карай кимге жолдауыма болады,егер Әкимнин ози берми турса.кенбайтак Казакстанымыздын толып жаткан бос жерлерин кимге берип жатыр екен?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 02.March.2023, 16:18
Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті (бұдан әрі-Департамент) уәкілетті ұйымдардың мемлекеттік қызметті алудан ұсынылған бас тарту жөніндегі іс-қимылдарының заңдылығы туралы ақпарат беруге қатысты, деп хабарлайды. Ережеге сәйкес (2022 жылғы 21 шілдедегі № 163 бұйрықпен бекітілген) Департамент мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады. Осыған байланысты, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес Сіз өтінішті «электрондық үкімет» порталы, «e-otinish» барлық өтініштерді қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы, сондай-ақ қағаз түрінде көрсетілетін қызметті берушіге, Агенттікке немесе оның аумақтық департаментіне жіберуге құқығыңыз бар. Бұл ретте жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілген өтініште мыналар көрсетілуге тиіс екенін хабарлаймыз: 1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), жеке тұлғаның пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде); 2) өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы; 3) өтініштің мәні; 4) өтініш берілген күн; 5) өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолы; 6) заңнамада көзделген өзге де мәліметтер.