Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасымемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасымемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 02.03.2023, 10:00
- 02.03.2023, 17:00
Бектемирова Арайлым 02.03.2023, 16:11, Сұрақ нөмірі: 11680
Батыс Қазақстан облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтерді алу кезінде заңсыз әрекеттері фактісі бойынша қайда жүгінуге болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 02.March.2023, 16:26
Департамент көрсетілетін қызметті берушілердің қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты, деп хабарлайды. Ережеге сәйкес (2022 жылғы 21 шілдедегі № 163 бұйрықпен бекітілген) Департамент мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады. Осыған байланысты, Сіз «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы не қағаз жүзінде (пошта қызметі немесе қолма-қол) орналасқан жері бойынша Агенттікке немесе оның аумақтық департаментіне жүгінуіңіз қажет. Бұл ретте, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 63-бабының 2-бөлігіне сәйкес жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілген өтініште Тегі, Аты, Әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы, өтініш берілетін лауазымды адамның Әкімшілік органының атауы, өтініштің мәні, берілген күні және өтініш берушінің өкілдің қолы. Заңнамада белгіленген тәртіппен келіп түскен өтінішті тіркеу қорытындысы бойынша Департамент оны құзыреті шеңберінде қарайды