«Мемлекеттік қызметке кіру мәселелері» тақырыбы бойынша интернет конференция
Азаматтар мемлекеттік қызметке кіру мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 06.03.2023, 10:00
- 06.03.2023, 17:00
Жумагалиева Сауле 06.03.2023, 14:07, Сұрақ нөмірі: 11689
Қайырлы күн! Тестілеу бағдарламасы бойынша тестілеуден өттім, бірақ жеке қасиеттерді бағалау бойынша 40 пайыз алдым. Мемлекеттік қызметке орналаса алам ба?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 06.March.2023, 17:33
Қайырлы күн! Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы бекітілген, Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларының 24-бабына сәйкес, жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді өту мәні растық деңгейі бойынша кем дегенде 50 % құрау керек. Сіз шекті мәңге жетпегендіктен, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға арналған конкурсқа қатыса алмайсыз. Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуде шекті мәннен төмен нәтиже алған үміткерлер, алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімнен кейін қайта өтуге жол беріледі.