Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметі туралы Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметі туралы Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар аясында сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 09.03.2023, 10:00
- 09.03.2023, 17:00
Балтабай Нұрбақыт 09.03.2023, 14:50, Сұрақ нөмірі: 11691
Саламатыз ба. Мен ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының түлегімін. Академияны бітірген соң мемлекеттік лауазымдарға конкурс өткізілместен орналасу жөнінде айтып берсеңіз?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 09.March.2023, 18:43
Қайырлы күн! «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» ҚР заңының 15 бабының 5 тармағымен ҚР Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде жергілікті атқарушы органдарда, мәслихаттар аппараттарында, ревизиялық комиссияларда, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде (астана мен оның аудандарындағы жергілікті атқарушы органдардан, мәслихат аппаратынан, ревизиялық комиссиялардан, орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінен басқа) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналаса алады. Бұл ретте, аталған түлектер басшылық лауазымдарға Агенттік тарапынан, орындаушылық құрамға Агенттіктің аумақтық бөлімшесінің келісімі бойынша тағайындау көзделген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы 2023 жылғы 11 ақпандағы № 38 бұйрығына сәйкес, Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында оқуды аяқтаған адамдарға конкурс өткізілместен "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу мүмкіндігін беретін оқу нәтижелерінің шекті мәні 3,33 баллдан төмен болмауы қажет.