Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметі туралы Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметі туралы Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар аясында сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 09.03.2023, 10:00
- 09.03.2023, 17:00
Берікбосын Анель 09.03.2023, 16:41, Сұрақ нөмірі: 11692
Мемлекеттік қызметке орналасудың жаңа тәртібі пилот ретінде шықты деп естідім. Мен ауылдың әкімдігіне бас маман лауазымына жұмысқа кірейін деп едім. Енді жаңа тәртіппен кіремін ба, әлде қолымдағы сертификат жарайды ма? Пилот біздің облысқа қашан енгізіледі?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 09.March.2023, 18:41
Қайырлы күн! Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығының 2-1-қосымшасына сәйкес, «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидалары бекітілген. Қағидаға сәйкес, 2023 жылғы 1 наурызынан бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға төмендегі мемлекеттік органдарда пилоттық іріктеу жүргізіледі: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Қазақстан Республикасының cауда және интеграция, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінде, Ақмола облысы мен Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдарында. Бұл ретте, Сіз Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдары пилотта болмауына байланысты, облыс аумағындағы ауылдық округ әкімдіктеріне мемлекеттік әкімшілк лауазымға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес орналаса аласыз, яғни Сіздің тестілеудің шекті мәнінен өткеніңіз туралы сертификатыңыз жарамды болып табылады. Мемлекеттік қызметке іріктеу үшін конкурс өткізудің жаңа тәртібі Жамбыл облысында 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асыралады деп жоспарлануда.