«Мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы»
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 10.03.2023, 10:00
- 10.03.2023, 17:00
Тұрмағамбет Мағжан 10.03.2023, 10:27, Сұрақ нөмірі: 11693
Саламатсызба, маған қатысты жүргізілген қызметтік тергеп-тексерудің қорытындысы мен құжаттарымен танысуға құқығым бар ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 10.March.2023, 17:02
Саламатсызба. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген мемлекеттік әкімшілік қызметшіні қызметтік тергеп-тексеру материалдарымен таныстыруға тиіс.