«Мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы»
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 10.03.2023, 10:00
- 10.03.2023, 17:00
Сабанчиева Маржан 10.03.2023, 10:40, Сұрақ нөмірі: 11694
Саламатсыз ба! Мемлекеттік қызметші өзіне қатысты қаралып жатқан тәртіптік іс бойынша тәртіптік комиссия отырысында техникалық жазу құралдарын қолдана алады ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 10.March.2023, 17:01
Саламатсызба. Тәртіптік жауаптылық мәселелерін қарау мемлекеттік құпияларды қозғайтын жағдайларды қоспағанда, отырыс уақытында мемлекеттік әкімшілік қызметші техникалық жазу құралдарын пайдалана алады. Бұл ретте, техникалық жазу құралдарын пайдалану тәртіптік комиссия отырысының өтуіне кедергі келтірмеуге тиіс.