«Мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы»

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 10.03.2023, 10:00
  • 10.03.2023, 17:00

Үсенбаева Жанар 10.03.2023, 16:07, Сұрақ нөмірі: 11697

  • 0

Саламатсызба, менің ағам мемлекеттік қызметші, жақын арада оған қатысты қызметтік тексеру жүргізілген екен. Осы орайда менің сұрағым бар, яғни мемлекеттік қызметшілерге қатысты қызметтік тексеруді кім жүргізуге құқылы?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 10.March.2023, 16:56

Қайырлы күн! Персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамдар қызметтік тергеп-тексеруді жүргізу туралы акті шығарылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзiмде қызметтiк тергеп-тексеруді жүргiзедi. Қажет болған жағдайда қызметтік тергеп-тексеруді жүргізуге өзге мемлекеттік қызметшілер тартылуы мүмкін, сондай-ақ қызметтiк тергеп-тексеруді жүргізу персоналды басқару қызметiнің (кадр қызметінің) қызметкерін тарта отырып, басқа құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлеріне жүктелуі мүмкін.