«Мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы»
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 10.03.2023, 10:00
- 10.03.2023, 17:00
Бигашев Бауыржан 10.03.2023, 16:29, Сұрақ нөмірі: 11698
Саламатсызба, маған қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілуде. Қазіргі таңда, мен денсаулығыма байланысты еңбекке жарамсыз парағын ашқам. Менің сұрағым, осы уақытта қызметтік тергеп-тексеру жүргізіле береді ме?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 10.March.2023, 16:54
Саламатсызба. Қызметтiк тергеп-тексерулер мемлекеттiк әкімшілік қызметшi еңбекке уақытша жарамсыз болған уақытта қызметтік тергеп-тексерудің жүргізілуі тоқтатыла тұрады. Бұл ретте, мемлекеттік қызметші жұмысқа шыққан соң, қызметтік тергеп-тексерудің жүргізілуі қайта жалғастырылады.