«Облыс халқын сапалы интернетпен қамтамасыз ету»

Облыс халқын сапалы интернетпен қамтамасыз ету

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 16.03.2023, 10:00
  • 16.03.2023, 18:00

Сапаргалиев Арнур 16.03.2023, 10:59, Сұрақ нөмірі: 11699

  • 0

Біз отбасымызбен Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Зимовье ауылына жиі демалуға тырысамыз, ауылда Интернет қаншалықты тез пайда болады?

Шығыс Қазақстан облысы 16.03.2023

Зимовье ауылында (323 адам) екінші буын дауыстық байланысы (2G) бар, интернет желісіне мобильді кең жолақты қолжетімділік жоқ. Интернет желісіне мобильді кең жолақты қолжетімділікті (бұдан әрі-МКЖҚ) қамтамасыз ету жөніндегі мәселе 2023 жылы "Мобайл Телеком - Сервис" ЖШС (Сауда маркасы – Теле2) ұялы операторының лицензиялық міндеттемелеріне сәйкес шешілетін болады, олар 3G үшінші буынының мобильді интернет сапасын (1-ден 5 Мбит/с-қа дейінгі жылдамдық) жақсартуды қамтамасыз етуге міндеттенеді жергілікті атқарушы органдар электр беру желілерін қамтамасыз еткеннен кейін және антенна-діңгек құрылысын (бұдан әрі - АДҚ) салғаннан кейін спутниктік трансмиссияны жүзеге асырады. Ағымдағы жылдың 16 наурызындағы жағдай бойынша АДҚ құрылысына жобалау-сметалық құжаттама оң сараптама алды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған конкурс шеңберінде "LLC ASIA" ЖШС мердігері анықталды. Жасалған шарттарға сәйкес жобаның жалпы құны (ҚМЖ – 61580,85 мың теңге; техникалық қадағалау – 2 143,13 мың теңге; Автор. қадағалау – 823,16 мың теңге) 64 547,14 мың теңгені құрады. Нысанды пайдалануға берудің болжамды мерзімі-2023 жылғы шілде. АМС-да оператордың жабдықтарын іске қосудың жоспарланған күні-2023 жылдың тамызы. Зимовье ауылын интернет желісіне мобильді кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету мәселесі 2023 жылдың III тоқсанының соңына дейін шешілетін болады.