«Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің сақталу сұрақтары»
Интернет-конференция барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Ә.А.Көмекбаев мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау сұрақтарына жауап береді.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 16.03.2023, 09:00
- 16.03.2023, 18:00
Кудабаева Асия 16.03.2023, 16:28, Сұрақ нөмірі: 11707
Саламатсыз ба? Мемлекеттік қызметшінің бұрынғы жұмыс орнындағы бұзушылығы үшін басқа жұмыс орнында тәртіптік жауапкершілігін қарау заңды ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 16.March.2023, 17:48
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 30-бабы 1-тармағына сәйкес, азаматтарды мемлекеттік лауазымдарға тағайындауды және мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік лауазымдардан босатуды лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес осындай құқығы бар лауазымды адам (орган) не өзіне осындай өкілеттіктер берілген өзге де лауазымды адам (орган) жүзеге асырады. Сондай-ақ, Заңның 44-бабы 8-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жазаны лауазымдық өкiлеттiктерiне сәйкес, осындай құқығы бар лауазымды адамдар (орган) қолданады. Сонымен қатар, ҚР Президентінің 29.12.2015ж. №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 83-тармағына сәйкес, мемлекеттік әкімшілік қызметші қызметтен шыққан күнге дейін алынбаған тәртіптік жаза оның мемлекеттік органнан қызметтен шығарылған күнінен бастап алынған болып саналады. Осылайша, егер мемлекеттік қызметшілерді лауазымға тағайындайтын, мемлекеттік лауазымдардан босататын және қызметшіге қатысты тәртіптік жаза қолданатын лауазымды тұлға (орган) өзгермеген жағдайда, тәртіптік жауапкершілігін қарау мүмкіндігі бар.