«Білім берудің қолжетімділігі мен өзектілігі»
«Білім берудің қолжетімділігі мен өзектілігі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі әкімі Н:М:Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 17.03.2023, 10:00
- 17.03.2023, 17:00
Курманалиев Бекзат 17.03.2023, Сұрақ нөмірі: 11710
Мемлекет басшысы соңғы Жолдауында «Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз» - деген болатын. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қызылорда облысында жалпы жобалық қуаты қанша орындық, неше мектеп салынатын болады? Қай кезде басталады?
Қызылорда облысы 17.03.2023
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасының басты міндеті - үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесін түбегейлі шешіп, балаларымыздың заманауи білім ордаларында білім алуына жағдай жасау. Өңірімізде оқушылардың өсу динамикасы мен апатты мектептерге талдау жүргізіліп, Ұлттық жоба шеңберінде Қызылорда қаласы мен аудандарда үш жылда 15 100 орынға арналған 21 мектептің құрылысын салатын боламыз. Оның ішінде 10 мектеп 2024 жылы, 11 мектеп 2025 жылы пайдалануға беріледі. 2025 жылға дейін Қызылорда қаласында-8, Арал ауданында-4, Қазалы ауданында-2, Қармақшы ауданында-2, Жалағаш ауданында-1, Сырдария ауданында-1, Шиелі ауданында-1, Жаңақорған ауданында-2 мектеп салынатын болады. 2023 жылы осы бағытта 19,6 млрд. тг. қаржы бөлініп, 10 мектеп құрылысы басталады.