«Білім берудің қолжетімділігі мен өзектілігі»
«Білім берудің қолжетімділігі мен өзектілігі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі әкімі Н:М:Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 17.03.2023, 10:00
- 17.03.2023, 17:00
Сүлейменов Әбілазиз 17.03.2023, Сұрақ нөмірі: 11711
Сұрағым, орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру жайлы болып тұр. Балалар жылы аясында кейбір өңірлерде бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыру бойынша шешім қабылданды. Осы бағытта балаларды тамақтандыру бойынша қандай шаралар қабылдануда?
Қызылорда облысы 17.03.2023
Оқушыларға ыстық тамақ беру мектептегі міндетті оқу қоры арқылы жүзеге асырылады. Қазір облыста, осы қор есебінен, тегін тамақпен аз қамтылған отбасынан шыққан 33 мыңнан астам бала қамтылуда. Бұл үшін бюджеттен 2,5 млрд. теңге қаржы жұмсалып отыр. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап облыстық мемлекеттік білім беру ұйымдарында 1-4 сыныпта білім алатын 70 118 оқушы (Оның ішінде 18 760-ы аз қамтылған отбасы балалары) және 5-11 сыныпта оқитын 16 777 әлеуметтік осал топтағы отбасы балалары жалпы, саны 86 895 бала тегін ыстық тамақпен қамтылуда. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен қосымша 5,1 млрд. теңге қаржы бөлінді. Жалпы бөлінген қаржы 7,6 млрд. теңгені құрап отыр. Бүгінгі күні бір мезгіл тамақтану құны 557 теңгені құрайды.