«Білім берудің қолжетімділігі мен өзектілігі»
«Білім берудің қолжетімділігі мен өзектілігі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі әкімі Н:М:Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 17.03.2023, 10:00
- 17.03.2023, 17:00
Жанетова Дана 17.03.2023, Сұрақ нөмірі: 11712
Президентіміз студент жастарды жатақханадағы орынмен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Бұл мәселе аймақта қалай шешімін тауып жатыр?
Қызылорда облысы 17.03.2023
Ия дұрыс айтасыз. Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру бағытында тиісті шаралар атқарылып жатыр. Қазіргі таңда, облыстағы жоғары оқу орындарының студенттері жатақханамен толық қамтамасыз етілген. Колледж студенттері үшін соңғы 3 жылда 1 805 орындық 6 жаңа жатақхана пайдалануға берілді. 2023 жылы 75 орынға лайықталған жатақхана құрылысы Арал индустриалды-техникалық колледжінің студенттері үшін пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, біздің өңірде білім алушылардың жатақханаға деген сұранысы шешімін табатын болады.