«Білім берудің қолжетімділігі мен өзектілігі»
«Білім берудің қолжетімділігі мен өзектілігі» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі әкімі Н:М:Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 17.03.2023, 10:00
- 17.03.2023, 17:00
Оразбахов Айбек 17.03.2023, Сұрақ нөмірі: 11713
Жаңа оқу жылының басында осы уақытқа дейін сынып толымдылығына байланысты бөлініп келген «Орыс тілі мен әдебиеті», «Дене шынықтыру» пәні бөлінбей оқытылатын болды. Бұл өз кезегінде аталған пән мұғалімдерінің оқу жүктемесінің азаюына алып келді. Аймақта бұл мәселе қалай шешілуде?
Қызылорда облысы 17.03.2023
Ия, бұл мәселені білемін. Оқу жылы басында білім басқармасына арнайы тапсырма беріп мәселе толық зерттелді. Мектептерде кадрлардың, әсіресе дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің санының артқандығы белгілі болды. Осы мәселелерді және жергілікті бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, жоғары сыныптарда орыс тілі пәнін бөліп оқыту туралы шешім қабылданды. Дене шынықтыру пән мұғалімдеріне қатысты спорт секцияларын жүргізуіне үстемеақы төлеу, қосымша үйірме сағаттарын бөлу арқылы ұйымдастырылды.