Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бақылау және бағалау
Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бақылау және бағалау
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 20.03.2023, 09:00
- 20.03.2023, 15:00
Алькенова Аягоз 20.03.2023, Сұрақ нөмірі: 11714
Қайырлы күн! Баланы мектепке беру үшін білім беру ұйымына қандай құжаттар тапсыру қажет?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.March.2023, 13:03
Қайырлы күн, «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметті көрсету стандартының (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен бекітілген) 8-тармағына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде: 1) ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің 1-қосымшасының нысанына сәйкес өтініш; 2) жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады); 3) денсаулық жағдайы туралы анықтама ("Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 148139 болып тіркелген) бекітілген № 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама және "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген) бекітілген № 026/у-3 нысан; 4) баланың 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi құжаттарын ұсыну қажет.