Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бақылау және бағалау

Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бақылау және бағалау

  • Сұрақтар: 7
  • Жауаптар: 7
  • 20.03.2023, 09:00
  • 20.03.2023, 15:00

Бакирова Динара 20.03.2023, Сұрақ нөмірі: 11718

  • 0

Басқа қаладан көшіп келуіме байланысты медициналық ұйымға қалай тіркеле аламын?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.March.2023, 13:04

Қайырлы күн, Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту мемлекеттік қызметін тікелей медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымына бару немесе «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы алуға болады. Тікелей медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымына жүгінген кезде: 1) жеке басын куәландыратын құжат немесе жеке басын сәйкестендіру үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат; 2) зейнеткерлер - зейнеақы куәлігі; 3) мүгедектігі бар адам; 4) бала кезінен мүгедектігі бар баланың заңды өкілдері, сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да оларды алмастыратын адамдар (заңды өкілдер); 5) сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, колонияларда өтеп жүрген сотталғандар (өтеу орны бойынша) – өңірлердің "Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының бұйрығымен құрылған "БХТ" АЖ-ға халықты МСАК-ға бекітуді (бекітуді) тіркеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссияның хаттамасы; 6) мерзімді қызмет әскери қызметшілері – мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді жеке құрам тізіміне қабылдау туралы әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) бұйрығынан үзінді көшірме; 7) студенттер (18 жасқа дейінгі балалар), сондай-ақ медреседе оқитын студенттер (18 жасқа дейінгі балалар) - жоғары оқу орны ректорының МСАК-дегі ресми өтініші және оқу орны мен МСАК арасындағы комиссияның хаттамасы; 8) шет мемлекеттерде туған балалар – шет мемлекетте туғанын растайтын құжат; 9) сәбилер, жетімдер, қарттар үйлерінің және басқалары - қамқорлыққа алынған тұлғалар - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті атқарушы органдарының шешімі; 10) бекітуді сенімхат бойынша, оның ішінде шарт болған кезде ерікті медициналық сақтандыру шарты бойынша ресімдейтіндер. 2. Электронды үкімет порталында электрондық түрде сұрау салу арқылы жүзеге асырылады.