Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 0
- 24.03.2023, 10:00
- 24.03.2023, 17:00
Боранбай Алмасбек 24.03.2023, 11:34, Сұрақ нөмірі: 11721
Менің атыма ЖШС тіркелген, менде ЖШС-ның бірінші басшысы ретінде ЭЦҚ бар. Мен бұл ЭЦҚ жеке тұлға ретінде түрлі электрондық анықтамалар алған кезде пайдалана аламын ба? Немесе мен ЭЦҚ дайындау үшін тағы бір өтініш беруім керек пе?
КАНАПИНА ЗАУРЕШ 24.03.2023, 16:05
Заңды тұлғаның электронды цифрлық қолтаңбасы өз құрылымында ұйымның атауын және бизнес-сәйкестендіру нөмірін қамтиды және көрсетілген заңды тұлғаға қызметтерді алу үшін пайдаланылады. Жеке пайдалану үшін (анықтамаларды алу және т.б.) ЭЦҚ өзіне жеке тұлға ретінде алу қажет.