Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 0
  • 24.03.2023, 10:00
  • 24.03.2023, 17:00

Жеткерген Ерқұлан 24.03.2023, 11:37, Сұрақ нөмірі: 11722

  • 0

Әскерден босату бойынша мемлекеттік қызметті электронды түрде қалай аламыз?

КАНАПИНА ЗАУРЕШ 24.03.2023, 16:05

Қазіргі таңда мемлекет тарыпнан Қазақстан азаматтарына құжатсыз проактивті форматта әскери қызмет мәртебесі туралы мемлекеттік қызметті алуды ұсынады. Азаматтарды мерзімді әскери қызметтен босату және әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру туралы мәліметтер ҚР әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңының талаптары шеңберінде ұсынылады. Әскерге шақырушыларға 1414 нөмірінен шақыру мәртебесі туралы SMS хабарлама жіберіледі. Бұл хабарламаны мемлекеттік деректер қорында қамтылған ҚР әскери қызмет туралы Заңының талаптарына сәйкес келетін 18-27 жас аралығындағы жас жігіттер алады. Проактивті қызмет ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап іске қосылды. Қазіргі уақытта хабарландырулар екі мәртебе бойынша жіберіледі: Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру; Әскери қызметтен босату.