«Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша сұрақтары »
«Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша сұрақтары» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы А.Қансеит жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 24.03.2023, 09:00
- 24.03.2023, 18:30
Атыбаева Карина 24.03.2023, 15:21, Сұрақ нөмірі: 11724
Сәлеметсіздер ме! Ротация бойынша сұрағым бар еді. “Б” корпусының мемлекеттік қызметшілеріне қанша уақытта Ротация жүргізіліп отырады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 24.March.2023, 16:30
Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызметшілерді кәсіби дамыту және олардың басқару құзыреттерін жетілдіру мақсатында ротация жүргізіліп отырады. «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерін Ротациялау әрбір үш жыл сайын жүргізіліп отырады. Егерде мемлекеттік орган қайта құрылса, құрылым өзгерсе не лауазымдар қайта аталғаннан кейін «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері бұрын атқарған лауазымдарына тең дәрежелі лауазымдарға қайта тағайындалған кезде көрсетілген мерзім қайта жаңартылмайды. «Б» корпусының мемлекеттік қызметшісі ротациядан жазбаша бас тартқан жағдайда, оның осы лауазымда болу мерзімі уәкілетті адамның актісімен тағы үш жылға ұзартылуы мүмкін не «Б» корпусының қызметшісі атқаратын лауазымынан босатылуы не ол келіскен жағдайда лауазымынан төмендетілуі мүмкін. Осы «Б» корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымында болу мерзімін Ұлттық комиссияның шешімімен одан әрі екі жылға ұзартуға жол беріледі, бұл мерзім өткен соң «Б» корпусы қызметшісі міндетті түрде ротация жатады. Бұл ретте мемлекеттік қызметшінің лауазымында болуының барынша жол берілетін мерзімі сегіз жылдан аспауға тиіс.