«Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша сұрақтары »
«Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша сұрақтары» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы А.Қансеит жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 24.03.2023, 09:00
- 24.03.2023, 18:30
Бимырзаева Аружан 24.03.2023, 17:20, Сұрақ нөмірі: 11726
Сәлеметсіздер ме
Мемлекеттік қызметке кіру бойынша тесттен өтпей қалған жағдайда қанша уақыттан кейн тапсыруға болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 24.March.2023, 17:45
Сәлеметсіз бе, Бимырзаева Аружан! "Б" корпусының лауазымына үміткерлер Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен нәтижелермен тестілеу өткендігі туралы анықтама алған жағдайда, қайта тестілеуге алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімнен кейін жол беріледі, яғни қайта тапсыра аласыз.