«Жетісу облысының сәулет және қалақұрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі
«Ғибадат үйлерін салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы»
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 27.03.2023, 10:00
- 27.03.2023, 15:00
Калиев Амир 27.03.2023, 11:14, Сұрақ нөмірі: 11728
Біз ауылымызда халық жиналып бір мешіт салайын деп едік, қандай құжат керек екенін айтасыздарма?
Жетісу облысы 27.March.2023, 11:17
Қайырлы күн! «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету үшін, көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; 2) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы электронды анықтама-негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және ол тиесілі болатын діни бірлестік, құрылыстың мақсаттары, аталған әкімшілік-аумақтық бірлік (ауыл, елдімекен, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж қауым саны (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметшісінің кандидатурасы көрсетілген); 3) жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) шешімінің немесе ғибадат үйін (ғимаратын) салу жоспарланған аумақта жұмыс істейтін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының ғибадат үйін (ғимаратын) салуға келісім беру туралы шешімінің электрондық көшірмесі ғибадат үйі (ғимараты) аумағы бар жол (шектесетін тұрғын үйлер болған кезде, оның ішінде, егер шекаралардың арасында сервитут өтетін болса) ұсынылады.