«Мемлекеттік қызметтерді көрсету, мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы мәселелері»

«Мемлекеттік қызметтерді көрсету, мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Ш.Сұлтанхан жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 27.03.2023, 09:00
  • 27.03.2023, 18:30

Атыбаева Карина 27.03.2023, 18:21, Сұрақ нөмірі: 11732

  • 0

Саламатсыз ба! Шымкент қаласының әкімдігі жаңа пилоттық жобаға кірген екен конкурс қалай жүргізіледі және тестілеуден қалай өтуге болады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 27.March.2023, 18:22

Саламатсыз ба, Карина! Ағымдағы жылы 1 наурыз бен 31 желтоқсан аралығында Е-қызмет жүйесінің сыртқы порталында мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жобасы басталды. Аталған пилоттық жобаға бес мемлекеттік орган енгізілді. Жаңа іріктеу тәсілі бойынша, мемлекеттік қызметке орналасу төрт заң бойынша және мемлекеттік тілді білу тестілеуінен 24/4 бойы өтуге болады. Аталған тестілеуден сәтті өткен үміткерлерге жүйеде конкурсқа қатысуға өтінім беріледі. Конкурстық іріктеу бірқатар кезеңдеоді қамтиды. Олар үміткерлердің мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс жасауы деңгейі (shl), жеке қасиеттерін бағалауды, эссэ жазу (басшы лауазымдары үшін міндетті), сарапшылар комиссиясымен әңгімелесу кезеңдерін қамтиды. Тестілеу мен эссэ жазу кезеңдерінде үміткерлкрдің тәртіпті сақтауын прокторинг қамтамасыз етеді. Аталған жүйеде іріктеу кезеңідерінде еңтөмен баға алған үміткерлерді жүйе автоматты түрде шығарып тастап отырады. Ал ең үздік 3 үміткерді пилоттық органның сарапшылар комиссиясында әңгімелесу кезеңіне жіберілетін болады.