Мемлекеттік қызметке кіру және өткеру бойынша
Мемлекеттік қызметке кіру және өткеру бойынша
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 28.03.2023, 10:00
- 28.03.2023, 17:00
Ахметова Жанна 28.03.2023, 11:23, Сұрақ нөмірі: 11735
Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік қызметте 3 жылдан астам аудандық МКБ бас маманы лауазымында жұмыс істеймін. Мені бөлім басшысы лауазымына конкурстан өтпей-ақ тағайындауға бола ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.03.2023
Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы№ 152 Жарлығымен бекітілген «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларының 2-тармағының 4-тармақшасына сәйкес ауысу тәртібімен мемлекеттік лауазымға орналасу «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңда белгіленген жағдайлардан бөлек, мемлекеттік қызметші осы мемлекеттік органда кемінде соңғы екі жыл келесі төмен тұрған санаттағы лауазымды атқарған жағдайда, мемлекеттік органның ішінде жоғары тұрған санаттағы лауазымға жүзеге асырылуы мүмкін. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшіде қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасағаны үшін алынбаған тәртiптiк жазасы болған кезде, оның «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына ауысу тәртiбiмен орналасуына жол берiлмейдi. Осылайша, Сізде қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны немесе мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін алынбаған тәртіптік жаза болмаған жағдайда, Сіз конкурс өткізбестен ауыстыру тәртібімен жоғары тұрған лауазымға тағайындалуыңыз мүмкін.