Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері
«Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері» тақырыбында ҚР мемлекеттік қызмет істері Агентттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің басшысы Искендиров Асхат Батыржанұлының қатысуымен интернет-конференцияны өткізу
- Сұрақтар: 10
- Жауаптар: 7
- 28.03.2023
- 20.04.2023, 10:00
Оспанова Кенжегүл 28.03.2023, Сұрақ нөмірі: 11738
Мемлекеттік қызметтен босатылған соң қайта мемлекеттік қызметке тестілеусіз қанша уақытта орналасуға болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.March.2023, 14:37
Қайырлы күн, Оспанова Кенжегүл! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның (бұдан әрі - Заң) 27-бабы 8-тармағына сәйкес теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, адам мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, конкурс қорытындысы бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға және (немесе) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа қатысуға құқылы. Егер мемлекеттік қызметтен шығарылған күніңіз күнтізбелік отыз күннен асып жатса, Сіз Заңның 26-бабына сәйкес мемлекеттік қызметке қайта орналасу үшін тесттен міндетті түрде өтуіңіз қажет.