Mемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өтуі бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өтуі бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 28.03.2023, 15:00
- 28.03.2023, 18:00
Тінейбекова Гүлдерай 28.03.2023, 15:47, Сұрақ нөмірі: 11745
Саламатсызба, ауыл округі әкімі аппаратының бас маманы, аудан әкімі аппаратынан тағылымдамадан өте алады ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.March.2023, 15:48
Сәлеметсіз, сұрағыңыз үшін рақмет. Мемлекеттік қызметшілер тағылымдамаға: 1) бір мемлекеттік органнан басқа мемлекеттік органға; 2) мемлекеттік органнан ұйымдарға (шағын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда); 3) мемлекеттік орган ішінде: орталық аппараттан аумақтық бөлімшелерге; аумақтық бөлімшелерден орталық аппаратқа; аумақтық бөлімшелерден басқа аумақтық бөлімшелерге жіберіледі.