Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері
«Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері» тақырыбында ҚР мемлекеттік қызмет істері Агентттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің басшысы Искендиров Асхат Батыржанұлының қатысуымен интернет-конференцияны өткізу
- Сұрақтар: 10
- Жауаптар: 7
- 28.03.2023
- 20.04.2023, 10:00
Өтегенова Маржан 28.03.2023, 15:52, Сұрақ нөмірі: 11746
Мен былтыр қызыл дипломмен университет бітірдім, мамандығым агроном. Қызыл дипломмен бітірген мамандарға мемлекеттік қызметке кіру тәртібінде жеңілдіктер бар ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.March.2023, 16:13
Қайырлы күн, Өтегенова Маржан! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 15-бабының 6-тармағына сәйкес, биылғы жылдан бастап жоғары оқу орындарын мемлекеттік грант шеңберінде, GPA 3,33-тен (В+) төмен емес оқу нәтижесімен бітірген түлектер оқуды бітіргеннен кейін 1 жыл ішінде конкурс өткізілместен аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға (бас маман, жетекші маман) орналаса алады. Заңның көрсетілген нормасы конкурс кезеңдерінен өтпей, оның ішінде әңгімелесусіз тағайындауды көздейді. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурссыз тағайындаулар Агенттікпен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша тиісті мемлекеттік органдардың ұсынысы негізінде жүргізілетін болады. Ол үшін Сіз өз мамандығыңызға қарай бос лауазымдары бар мемлекеттік органға жүгініп, құжат топтамасын тапсырасыз. Бұдан әрі мемлекеттік органның келісімі мен шешімін күту қажет. Оң шешім болған жағдайда мемлекеттік органдағы мемлекеттік қызметке қабылданасыз.