Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері

«Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері» тақырыбында ҚР мемлекеттік қызмет істері Агентттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің басшысы Искендиров Асхат Батыржанұлының қатысуымен интернет-конференцияны өткізу

  • Сұрақтар: 10
  • Жауаптар: 7
  • 28.03.2023
  • 20.04.2023, 10:00

Каликанов Наурзбай 28.03.2023, 16:01, Сұрақ нөмірі: 11748

  • 0

Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік органдардағы бос лауазымдарға конкурстар туралы өзекті ақпаратты қайдан алуға болады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.March.2023, 16:10

Қайырлы күн, Каликанов Наурзбай! Мемлекеттік органдардың бос лауазымдарына орналасу үшін конкурстар туралы хабарландырулар мемлекеттік органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында (gov.kz/memleket/entities/qyzmet) орналастырылады. Сондай-ақ бос лауазымдар туралы өзекті ақпаратпен мемлекеттік органдардың ресми сайттарында таныса аласыз.