«Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолданудың кейбір мәселелері»
«Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолданудың кейбір мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Д.Жанысбек жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 3
- 29.03.2023, 09:00
- 29.03.2023, 18:30
Рахметуллақызы Айсұлу 29.03.2023, Сұрақ нөмірі: 11751
Саламатсызба, менің мынадай сұрағым бар еді,
тәртіптік жазасы бар мемлекеттік қызметші қайтадан бұзушылық жасайтын болса, оған қандай тәртіптік шара қолданылады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 29.March.2023, 15:23
Сәлеметсіз бе, Айсұлу! Қойылған сұрағыңызға жауап беру үшін келесі мәселелерді нақтылап алу қажет. Атап айтқанда, бірінші қолданылған тәртіптік жазаның түрі, ол тәртіптік жазаның қолданылған уақыты, сондай-ақ екінші теріс қылықтың жасалған уақыты мен ол теріс қылықтың сипаты. Осы ретте, алып тасталмаған ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс түрiнде қолданылған жаза болған кезде мемлекеттік әкімшілік қызметші теріс қылық жасаса, ол үшін қызметшіге қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту немесе лауазымын төмендету түрiндегi жаза қолданылады. Ал, егер мемлекеттік әкімшілік қызметші лауазымын төмендету немесе қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту түрiндегi алынбаған жазасы бола тұра теріс қылық жасаса, ол үшін атқаратын лауазымынан босату түрiндегi жаза қолданылады. Бұл тұста, мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес негіздер бойынша қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту немесе лауазымын төмендету түрiндегi тәртіптік жаза көзделген тәртіптік теріс қылықтарға жол берілген жағдайларда, қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту немесе лауазымын төмендету түрiндегi тәртіптік жаза алынбаған тәртіптік жазаның болуына қарамастан қолданылатынын назарыңызға жеткіземін.