«Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолданудың кейбір мәселелері»
«Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолданудың кейбір мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Д.Жанысбек жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 3
- 29.03.2023, 09:00
- 29.03.2023, 18:30
Тасов Нұрасыл 29.03.2023, 14:51, Сұрақ нөмірі: 11752
Саламатсыз ба? Мемлекеттік мекеменің басшысы тәртіптік комиссияның ұсынымымен келіспеуге
құқылы ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 29.March.2023, 15:24
Сәлеметсіз бе, Нұрасыл! Мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жазаны аталған қызметшіні мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адам, яғни уәкілетті адам қолданады. Бұл ретте, уәкілетті адам тәртіптік комиссияның тәртіптік жаза қолдану туралы ұсынымы келіп түскен күннен бастап жазаны қолдану мерзімдерінің шегінде, бес жұмыс күні ішінде мынадай шешiмдердің бірін қабылдай алады: 1) тиiстi тәртіптік жазаны қолданады; 2) тәртіптік жазаны қолдану мерзімдерінің шегінде қосымша қызметтік тергеп-тексеруді тағайындайды және материалдарды қосымша қызметтiк тергеп-тексеруге жiбередi; 3) тәртіптік жазаны қолданбайды. Сайланбалы орган тағайындайтын мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты шешімді осы сайланбалы орган қабылдайды.